Мемлекеттік еңбек инспекторлары 239 кәсіпорында 3,5 мыңға жуық жұмыскердің 1,3 млрд теңге жалақы берешегін анықтады.
Жүргізілген тексерулер барысында 4 мыңнан астам еңбек құқығының бұзылғаны анықталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 287 ұйғарым берілді және 277 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, — деп жазылған хабарламада.
Қазірге дейін 3,4 мыңнан астам жұмыскерге 1,1 млрд теңге төленді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 25 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.
📺@qazaqstantv