Қандыағаш қаласы «Жастық» мөлтек ауданынан 200 орындық жаңа стадионның құрылысы басталды. Жалпы аумағы 3 217 шаршы метр болатын стадионның ішінде екі шағын футбол алаңы болады.
Спорттық нысанды салуға бюджеттен 69 100 000теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бүгінде құрылыс орнын қыру, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Стройком+Сервис» ЖШС-і жүргізетін құрылыс жұмыстары күз айында толықтай аяқ-талады деп күтілуде.
Аталған стадионның салынуына себепші болып, бастама көтерген – футболшы, «SD Family» балалар академиясының региондар басшысы Дастан Мырзин. Ол осы спорт алаңының жобалық-сметалық құжаттарын өзі дайындап, аудан әкіміне ұсыныс жасаған.
— АУДАН ӘКІМДІГІ МЕНІҢ ЖАСАҒАН ҰСЫНЫСЫМДЫ ҚАБЫЛДАП, СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІ ҚАРЖЫНЫ БӨЛДІ. СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН КЕЙІН СЕНІМГЕРЛІК-БАСҚАРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕ КҮТІП-ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫН МЕН ЖҮРГІЗЕТІН БОЛАМЫН. СОНЫМЕН БІРГЕ АЛАҢ АУМАҒЫНАН БАПКЕРЛЕР МЕН ЖАТТЫҒУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖӘНЕ ЖУЫНАТЫН БӨЛМЕЛЕР САЛУҒА ҚОСАЛҚЫ ҒИМАРАТ КӨТЕРУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫРМЫН. СТАДИОН СЫРТЫ ТОЛЫҚТАЙ ҚОРШАЛАДЫ. АЛ ФУТБОЛҒА ҚЫЗЫҒАТЫН БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАП, НАҒЫЗ МЫҚТЫЛАРДЫ ЖАТТЫҚТЫРАТЫН БОЛАМЫН. ФУТБОЛ ҮЙІРМЕСІ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ, — ДЕДІ ДАСТАН СЕРІКҰЛЫ.