«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент Жолдауын жүзеге асыру: Елімізде балалар қауіпсіздігі күшейтіліп, жаңа тәрбие беру бағдарламалары енгізіліп жатыр

Балалардың дамуы үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Үкімет тәрбие, құқық қорғау және бос уақытты тиімді ұйымдастыруды қамтитын кешенді шараларды жүзеге асыруда. Жас ұрпақ бойында отаншылдық, әділеттілік және еңбекқорлық қасиеттерін дарытуды көздейтін жаңартылған бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азамат» осы бағыттағы жұмыстың идеологиялық өзегіне айналды.

Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін кадрлық әлеует едәуір күшейтілді: қорғаншылық органдарының мамандарының саны үш есеге жуық артып, 303-тен 896 адамға жетті. Бұл отбасылардың қажеттіліктеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді. Білім беру мекемелерінде де физикалық қауіпсіздік шаралары нығайтылуда: мектептердің 97%-ы лицензияланған күзетпен келісімшарт жасасқан, ал 98%-ы турникеттермен жабдықталған.

Кешенді шараларда қосымша білім беру саласын дамыту да қарастырылған. Елімізде 2 142 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, ола 3,3 млн баланы немесе олардың 87,2%-ын қамтиды. Бұл балалардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, сонымен бірге бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне мүмкіндік береді.

@KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

«Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды

admin_mugalzhar

Жауын жауып, жел соғады: Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды

admin_mugalzhar

26-27 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.