«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА ЖАҢА «ДИНА» СУПЕРМАРКЕТІ АШЫЛДЫ

Республика күні мерекесіне орай Қандыағаш қаласында жаңа «Дина» супермаркеті өз жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов арнайы қатысып, қала тұрғындарын мерекемен және жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады.

-Қандыағаш қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Осындай заманауи сауда нысандарының ашылуы – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға жасалып жатқан нақты қадам. Кәсіп иелеріне табыс, тұрғындарға молшылық пен сәтті сауда тілеймін,– деді аудан әкімі өз сөзінде. Шара барысында келген қонақтарға ыстық палау таратылып, 5 000 теңгеден жоғары сауда жасаған тұрғындар арасында лотерея ойнатылып, сыйлықтар табыс етілді. Ал кішкентай бүлдіршіндерге түрлі-түсті шарлар сыйға беріліп, олардың да жүздеріне қуаныш ұялады.

-Қаламызда осындай үлкен супермаркеттің ашылғанына қатты қуаныштымыз. Бағалары қолжетімді, тауар түрі мол. Енді қала тұрғындарына сауда жасау бұрынғыдан да ыңғайлы болады, – деді қала тұрғыны Айгүл Төлегенова.

Ұқсас ақпараттар

Отандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы пайдалануға берілді

admin_mugalzhar

Тоқаев: Адвокаттардың ұсынысымен Ата заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды

admin_mugalzhar

Холодные массы вторглись на территорию Казахстана

admin_mugalzhar