«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЗУШЫНЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

Ембі қалалық кітапханасында жерлес жазушы, драматург, сатирик Жиенғали Тілепбергеновтің 130 жылдығына орай оқырмандар конференциясы өтті. Шараны кітапханашылар Т.Ермұхан мен Б.Кунаева ұйымдастырды.
«Жиенғали тағдыры» атты оқырмандар конференциясы аясында «Тұлға. Тағдыр. Теңдессіз туынды» презентациясы өткізіліп, жазушының өмір жолы мен шығармашылығына тоқталып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Конференцияның мақсаты-Жиенғали Тілепбергеновтің өмірі мен қолжазбаларын таныстыру, тарихи деректерді талдау арқылы оқырмандардың сыни тұрғұдан ойлау қабілетін дамыту және өлкемізден шыққан тұлғаға деген қызығушылығын арттыру болды.
Шараға Ембі қалалық №2, №3, №4 және №7 жалпы білім беретін мектептердің 8, 9 сынып оқушылары Сымбат Нұрбаева, Аяна Болатова, Айару Опағали, Іңкәр Темірбек, Айдана Сенгирова, Лунара Ойдан, Нұрхан Зейнелғабылов, Шынар Зейнедулла қатысты.
«Зерде» мінбері кезеңінде қатысушылар жерлес жазушының әңгімелері, фельетондары мен сатиралық суреттемелерін талдап, шығармаларындағы негізгі мәселелерге тоқталды. Ал «Түйін сөз-терең ой» атты қорытынды бөлімде Ембі қалалық көпсалалы қызмет көрсету колледжінің студенттеріне сұрақтар қойылып, қатысушылар өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.
Шара соңында мектеп кітапханашылары конференциядан алған әсерлерімен бөлісіп, белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Ұқсас ақпараттар

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІН ЕСКЕ АЛДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады

admin_mugalzhar

Мұң, ашу және реніш адам денсаулығына қалай әсер етеді?

admin_mugalzhar