«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан экономикасы жай өсу сатысынан сапалы даму рельсіне ауысты

Қазан айындағы оң нәтижелер ел экономикасының өсуі бір реттік серпіндерге емес, құрылымдық өзгерістерге негізделгенін көрсетті. Өңдеу саласының кеңеюі, өңірлердің дамуы, экспорт пен өндіріс базасының әртараптанудың барлығы ұзақмерзімді тұрақтылықтың негізін қалайды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 10 айда елдің ішкі жалпы өнімі 6,4% өсім көрсетті. Бұл тоғыз айдағы көрсеткіштен 0,1 пайызға жоғары.

Өсімнің басты драйверлері қатарында құрылыс, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бар. Олардың барлығында дерлік өңірлік деңгейде оң динамика сақталуда.

Маңыздысы нарықта қызып кету белгілері байқалмады. Өсу сапамен және өндіріс құрылымының жақсаруы­мен қатар жүруде. Бұл макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталғанын көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

admin_mugalzhar

АЛАШ АРДАҚТЫСЫ – ОМАР ЕСЕНҒҰЛОВ

admin_mugalzhar

Медицина саласына қатысты нормалар Конституцияда ерекше орын алады

admin_mugalzhar