«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қандыағаш стансасы көліктегі полиция бөлімінде 10 қараша — ІІО ардагерлері күні аталып өтті. Аталған шара «Құрмет пен қаһармандық — ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық акциясы аясында өтіп, Қандыағаш ст.КПБ-і қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Марапатталғандардың қатарында Көмекбай Бектұрғанов, Әбдіғаппар Алтынбаев, Дүйсен Жарылғапов, Ануарбек Елеусізов, Жасұлан Ақмурзин, Елубек Оразалиевтер бар.
Іс-шараның мақсаты – «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру, ел игілігі жолында ерлік көрсеткен ІІО қызметкерлерінің ерліктерін дәріптеу, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған.

Ұқсас ақпараттар

Жаңа үлгідегі жәрдемақы

admin_mugalzhar

Этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті

admin_mugalzhar

Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасағының ХVIІІ маусымы аяқталды

admin_mugalzhar