«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Аманғос Төлеуовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Айта кетелік Президент табысқа жеткен әрбір кәсіпкерді ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Бүгін елордада Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтті.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

admin_mugalzhar

Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

admin_mugalzhar

Аида Балаева: Зайырлы мемлекет – дінді жоққа шығарады деген сөз емес

admin_mugalzhar