«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

93 млрд теңге әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталды

Биыл облыста 87 нысанның құрылысы жүріп жатыр, ал 37 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде 2025 жылы іске асырылуы жоспарланған әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы талқыланды.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, биыл білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларында, сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында және мобилизациялық дайындық, төтенше жағдайлар, мемлекеттік органдар мен инженерлік қорғау бағыттары бойынша 87 нысан салынып жатыр. Құрылыстар Ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджеттер, облыстық резерв және Арнайы мемлекеттік қор қаражаттары есебінен жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 35 нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 33 нысан тапсырылады. Қалғандары – келесі жылға өтпелі.

«Су тасқынынан зардап шеккен бес ғимаратты қалпына келтіруге баса назар аударылды. 2024 жылы бұл мақсатқа 4,2 млрд теңге, ал 2025 жылы қосымша 1,8 млрд теңге бөлінді, оның 1,2 млрд теңгесі игерілді. Әңгіме ауылдардағы үш балабақша мен екі мектеп жөнінде. Үш нысан уже тапсырылды. Жыл соңына дейін Ойыл ауылында 320 орындық мектеп пен 150 орындық балабақша пайдалануға беріледі. Қазір онда әрлеу жұмыстары, аумақты абаттандыру және жабдық орнату жүргізіліп жатыр», – деді Ержан Мұздыбаев.

Ұқсас ақпараттар

АҚКЕМЕРДЕ «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

СУРЕТШІ БАЛА – АХМЕДИЯР

admin_mugalzhar

ЕЛАМАННЫҢ ЖҮЛДЕСІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.