«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Фишингтің жаңа толқыны — Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда»

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің (https://www.bleepingcomputer.com/news/security/lostiphone-dont-fall-for-phishing-texts-saying-it-was-found/, https://itc.ua/news/moshennykyobmanyvayut-vladeltsev-ukradennyh-iphone-falshyvymy-soobshhenyyamy-apple-find-my/) ақпаратына сәйкес зиянкестер адамдарға Apple атынан жалған табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көсретілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишингтік сілтемені қоса жайлғай отырып, жолдайды, осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды.
Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл зиянкестерге iPhone-ның қосылуын құлыптауды айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.
Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:
— күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;
— жоғалған құрылғының құлыптау экранында байланыс ақпаратын көрсету үшін бөлек электрондық поштаның мекенжайын пайдалануды;
— SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;
— құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді

admin_mugalzhar

ӘЛИЯ -БАТЫР ҚЫЗЫ СЕН ХАЛҚЫМНЫҢ

admin_mugalzhar

Қазақстанда баспана жалдауға субсидия беріледі: Өтінім қабылдау іске қосылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.