«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде дәстүрлі «Сыбаға» этнофестивалі өтеді

«Сыбаға» – ата-баба мұрасын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды бүгінгі ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған маңызды мәдени бастама.
Мемлекет басшысы атап өткендей, ұлттық рухты көтеріп, жас буынды дәстүр арқылы тәрбиелеу – ел болашағының берік негізін қалыптастырады. Осы бағытты мақсат тұтқан «Сыбаға» фестивалі өңір жұртшылығына мазмұны терең, тағылымы мол кең ауқымды бағдарламалар ұсынады.

🔹 4 желтоқсан – «Тағылым» күні.
Білім беру ұйымдарында жалпы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін танымдық сабақтар мен шеберлік сағаттары өтеді.

🔹 5 желтоқсан, сағат 11:30. Өнер орталығы.
«Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалінің салтанатты ашылуы.
Қонақтардың назарына көне ұлттық аспаптар көрмесі, отандық және шетелдік шеберлердің шеберлік сағаттары, «Дәстүрлер жаңғырығы» сән көрсетілімі және концерттік бағдарлама ұсынылады.

🔹 Сағат 14:00–16:00. «Сарқыт» мейрамхана-музейі.
«Көнеден жеткен дәм» атты ұлттық тағамдар гастрофестивалі ұйымдастырылады.

🏆 6 желтоқсан – «Салбурын» күні.
Бұл күні саятшылық, құсбегілік, тазы жүгірту, садақ ату секілді ұлттық спорт түрлері насихатталады.

🔹 «Жекпе-жек» сарайы, сағ. 11:00.
«AKTOBE OPEN 2025» асық ату спортынан халықаралық турнир басталады.

🔹 Ипподром, сағ. 12:30.
Көкпар ойыны, құмай тазы жарысы және садақ ату сайыстары өтеді. Құсбегілер құстар көрмесінде бапталған қырандарын таныстырып, саятшылық өнерінің қыр-сырын көрсетеді.

🔹 4–6 желтоқсан аралығы.
Ауыл-аймақтарда дәстүрлі соғым сыбағасы таратылып, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетілмек.

⚜️ «Сыбаға» – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт болмысын сақтауға бағытталған бірегей мереке.

🎯 Барша тұрғындар мен қала қонақтарын фестивальді жоғары деңгейде атап өтуге шақырамыз.

Ұқсас ақпараттар

«ЖАСЫЛ ЕЛ»: 70 ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

Президент: «Таза Қазақстан» – әр адамның күнделікті дағдысы, өмір салты болуы қажет

admin_mugalzhar

Президент экологиялық айыппұлдардың бір бөлігін жергілікті бюджетке төлеу мәселесін пысықтауды тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.