«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент марапаты – адал еңбектің жемісі!

Энергетика саласына 42 жылдық ғұмырын арнаған «Энергосистема» ЖШС Мұғалжар электр желілері учаскесінде кабельші-жүргізушісі Ысқақ Айтжан Бахытжанұлы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек даңқы» III дәрежелі орденімен марапатталды.

1983 жылдан бері энергетика саласында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан бүгінгі марапат иесі қазіргі таңда «Энергосистема» ЖШС Мұғалжар электр желілері учаскесінде кабельші-жүргізуші болып жұмыс істейді.

0,4–110 кВ аралығындағы кабель желілеріне қызмет көрсетіп, апатты жағдайларды жедел жоятын білікті маман – ұжымда зор құрметке ие, жас буынға үлгі.

 

Ұқсас ақпараттар

Президент Жолдауын жүзеге асыру: әлеуметтік қолдау өтініш қағидатынан мұқтаждарды анықтауға көшеді

admin_mugalzhar

Татулық пен тұтастық тірегі

admin_mugalzhar

БӘЙГЕДЕ ОЗА ШАПҚАНДАР

admin_mugalzhar