«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде 120-дан астам оқушы облыстық экофорумға қатысты

Ақтөбе қаласындағы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында «Экологиялық тәрбие: бүгінгі қадам, ертеңгі нәтиже» атты облыстық іс — шарасы өтті. Мақсаты –оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, экологиялық сананы нығайту және күнделікті өмірде экологиялық сауатты әрекет етуге ынталандыру.

Шара интерактивті кездесулер, танымдық дәрістер және ашық пікір алмасу алаңы форматында ұйымдастырылды. Спикерлер оқушылармен кездесіп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы, экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму құндылықтары жөнінде мазмұнды ақпараттар ұсынды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, экологиялық мәселелер бойынша белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік алды.

Шараға 120-ға жуық оқушы қатысты.

Іс-шараның маңызы — жас ұрпақтың экологиялық санасын нығайтып, табиғатты қорғауды әр азаматтың ортақ міндеті ретінде қабылдауына ықпал ету. Бұл бастама Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясын насихаттауға бағытталған. Экологиялық тәрбие арқылы қоғамда жауапты, саналы және ел болашағына бей-жай қарамайтын тұлға қалыптастыру көзделеді.

«Бүгінгі «Экологиялық тәрбие: бүгінгі қадам, ертеңгі нәтиже» атты облыстық іс-шара — жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Табиғатты аялау — әр азаматтың парызы, ал осы құндылықтарды оқушы кезінен сіңіру болашақта саналы қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.Бұл іс-шара оқушылардың экологиялық санасын нығайтып, туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді деп сенемін.» — деп атап өтті Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия директорының орынбасары Зейнеп Өмірзақова.

«Бүгінгі іс-шара – жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Қоршаған ортаны қорғау — тек табиғатқа деген қамқорлық йқана емес, ол қоғамның саналы дамуының көрсеткіші. Осындай бастамалар арқылы жастардың белсенді азаматтық ұстанымы қалыптасып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясын іске асыруға нақты үлес қосамыз деп сенемін» — деп пікір білдірді Іс — шара спикерлерінің бірі, «Eco — Madeniet» эковолонтерлікқозғалысының жетекшісі Темірлан Жолдыбай.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҒИЗАТ ТҮСІПБАЕВ «ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» АТАНДЫ

admin_mugalzhar

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы өсе ме

admin_mugalzhar

Ұлттық банк Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай коллекциялық монеталар шығарады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.