«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді

Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы мәдениет пен өнерді дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғам санасы жаңғырмайынша, жүргізіліп жатқан реформалардың толық нәтижеге жетуі қиын. Сондықтан руханият саласына ерекше мән беріліп, алдағы кезеңде ауқымды жобалар жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.

Осы мақсатта Алматы облысында қазақ драма театры, Абай мен Ақтөбе облыстарында жаңа театрлар салынады. Шымкент қаласында опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Биыл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толуына орай, ғимаратта жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар Наталья Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да жаңғыртылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бос қиял мен дәлелсіз уәделерге қарсымын

Президент мәдениет ошақтарын жаңарту ісі жалғаса беретінін айтты.

«Бұдан бөлек, екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді», деді ол.

Президент Қызылорда облысының әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне тоқталды

Музей ісін дамыту да назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысы Қызылордада ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейін ерекше атап өтті.

«Мен күзде қалаға жұмыс сапарымен келгенде мұражайды аралап көрдім. Заман талабына сай салынған орталықта музей ісін ұйымдастырудың тың тәсілдері қолданылған. Бұл тәжірибені басқа облыстарға үлгі етуге болады», деді Президент.

Мемлекет басшысы Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсынды

Сонымен бірге Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарда енгізілгені айтылды. Мемлекет басшысы Қызылордада жаңа драма театр салу жоспарда бар екен, оның құрылысы биыл басталуы керек екенін жеткізді. Өткен сапарында облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесуде заманауи кітапхана салу қажеттігін айтқанын да еске салды.

Ұқсас ақпараттар

СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМДЫ ҚИМАЙ ЖҮРМІН

admin_mugalzhar

Жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

admin_mugalzhar

Қазақстанда зейнетақы өсті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.