Ұлттық құрылтайда экономикалық-әлеуметтік дамудан бастап рухани құндылықтар, жас ұрпақ тәрбиесі, халықтың талап-тілектері мен өтініштері сынды бірқатар мәселелерді жинақтаған ұсыныстар енгізілді. Енгізілген ұсыныстар қоғамның әртүрлі салаларының дамуына тікелей әсер ететін көптеген мәселелерді қамтиды. Бұл — білім, ғылым, әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелері болып табылады.
Бірлескен күш-жігердің арқасында ұтымды шешімдер әзірленіп, кейін практикалық қолданысқа енгізіледі. Бұл ел тұрғындарының кең ауқымды ой-пікірі тоғысатын жер. Осы арқылы мемлекет пен халық арасындағы байланыс нығайып, еліміздің даму жолында нәтижелі ынтымақтастыққа септігін тигізеді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақтастық, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіпқойлық, жасампаздық пен жаңашылдықты үнемі айтып келеді. Өз тарапымыздан Мемлекет басшысы көтерген мәселелерге қолдау білдіреміз.
Салауат Жұмағали, Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты.
