«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Эльвира Азимова: Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова барлық саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлік құрылымдар, сондай-ақ заңгерлер мен сарапшылар өз бастамаларын жолдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эльвира Азимованың айтуынша, Конституциялық комиссияның құрылуын салалық өзгерістерден кешенді конституциялық трансформацияға өту ретінде қарастырған жөн.

Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәслихат төрағалары, БАҚ басшылары, қоғамдық белсенділер, мемлекеттік органдар мен өңірлік қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ сараптамалық және ғылыми қауымдастықтар енген.

«Бұл қоғамдық көзқарастардың, тәжірибе мен сұраныстың әралуандығын көрсетеді. Конституциялық комиссияның алдында айрықша миссия тұр – бір жағынан конституциялық құрылыстың іргелі қағидаттарын сақтай отырып, екінші жағынан заманауи сын-қатерлерге қатысты өз ұстанымымызды лайықты түрде айқындауға мүмкіндік беретін Ата заңның тиісінше теңгерімін қамтамасыз ету. Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңіз, отансүйгіштік және салмақты ұстанымдарыңыз барлық ұсыныстарды жан-жақты қарастыруға, оларды жүйелеп қорытуға, еліміздің дамуына қуатты серпін бере алатын нақты әрі сараланған өзгерістер жобасын әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», деді Э. Азимова.

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛДЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады

admin_mugalzhar

Жыл басынан 169 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

admin_mugalzhar