«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА 888 АДАМАӘК АЛАДЫ

Өткен жылдың 4-ші тоқсанында аудан аумағындағы кедейлік шегі — 37 060 теңгені, ал күнкөріс деңгейі 52 943 теңгені құраған. Бұл туралы мансап орталығының мамандары айтты.
Олардың берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 170 отбасында 888 адам алған. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 119 отбасыға, шартсыз ақшалай көмек 53 отбасыға тағайындалған.
Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару, — деді мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі Зульфия Мырзағулова.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде 10 жаңа автобус қалалық бағытқа шығады

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА ЖАҢА «ДИНА» СУПЕРМАРКЕТІ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar