«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Конституциялық комиссия мүшесі: Жаңа Конституция мәселесін қарау орынды

АСТАНА. KAZINFORM – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарауды ұсынды.

Кейінгі екі күн ішінде біз ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты әрі мұқият талқыладық. Кеше жобаның алдын ала нұсқасы таныстырылды. Мен бұл өзгерістердің бәрін тереңнен зерделеп шықтым. Мұндай Конституцияның мазмұндық тұжырымдамасын өзгертуге бағытталған өзге де маңызды жаңалықтар аз емес, — деді ол.

Мәди Мырзағараев ұсынылып отырған өзгерістердің бәрі қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына сай келетінін атап өтті.

Осыған байланысты Конституциялық комиссия аясында жаңа Конституция мәселесін қарау орынды деп санаймын. Сөз соңында бұл өзгерістер бойынша түпкілікті шешімді Қазақстан халқы қабылдайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді. Бұл өзгерістердің тағдырын референдум айқындайды. Бүгінгі біздің міндетіміз – қоғамға айқын әрі адамға бағытталған Конституциялық шешімдерді ұсыну. Одан арғысы халқымыздың қолында, — деді ол.

 

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев: Съездің маңызы – әлемді бейбіт жолға шақыру

admin_mugalzhar

ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіретін бірқатар кеңестерін аяқтады

admin_mugalzhar

2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.