«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституцияның соңғы нұсқасында 95 бап болады — Эльвира Әзімова

Жаңа Конституцияның соңғы нұсқасында 95 бап болады. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 6-отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтты.

— Жаңа Конституцияның соңғы нұсқасын пысықтау туралы келісімге келген болғанбыз. Атап айтсақ, жобаға ұсынылған нормалар Ата заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізу ұсынылды. Бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрады. Конституция жаңа құрылымда ұсынылып отыр. Оған жаңа редакциядағы Преамбула, 95 баптан тұратын 11 бөлім кіреді. Сонымен бірге 4 бөлім мүлдем жаңа атаулармен беріледі. Пысықталған Конституцияның жаңа жобасы бүгін сіздерге ұсынылады.

Айта кету керек 2025 жылы қазан айынан басталған ауқымды жұмыс нәтижесінде Қазақстанның концептуалды жаңа Конституцияның жаңа жобасы қалыптастырылады. Өткен отырыстар барысында комиссия мүшелері редакциялық сипаттағы бірқатар ұсыныс енгізді, — деді отырысты ашқан комиссия төрағасы Эльвира Әзімова.

Ұқсас ақпараттар

BI Group Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер сатып алды

admin_mugalzhar

«Еңбек» бағдарламасымен 280 мыңдай адам жұмысқа орналасты

admin_mugalzhar

Ержан Максим Бакуде өнерімен көрермендерді тамсандырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.