«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституция — жаңару мен жауапкершілік бастауы

Қандыағаш қаласындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп ұжымымен Мұғалжар өңірлік коалиция мүшелерінің кездесуі өтті. Жиынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін жаңа жобаны таныстыру, оның мазмұны мен қоғам үшін маңызын кеңінен түсіндіру болды.
Кездесу барысында Конституцияның ел өміріндегі айрықша орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын негізгі құқықтық құжат екені айтылды. Ұсынылып отырған өзгерістердің саяси жаңғыруға серпін беріп, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталғаны аталды. Сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтық пен жариялылықты арттыру, халық алдындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері қозғалды.
Пікір алмасу еркін форматта өтіп, ұстаздар тарапынан сауалдар қойылып, ұсыныстар білдірілді. Коалиция өкілдері әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айтып, білім саласының өкілдерін ел болашағына қатысты маңызды қадам – референдумға белсенді әрі жауапкершілікпен қатысуға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН: ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны қаншаға артты?

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында көктемгі дала жұмыстары басталғалы 27,5 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

admin_mugalzhar