«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеп, 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұңғышбай Жаманқұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде елде маңызды тарихи кезең басталғалы тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Ата заң мемлекеттіліктің мәнін айқындайтын құжат болмақ. Өнер иесі бұл құжатты ел тарихындағы ерекше оқиға деп бағалады.

«Бұл Ата заңның әрбір бабы бойынша халық өзінің ойын ашық білдіріп жатыр. Көп мәселемен қосыламын. Комиссия құрамында отырған адамдар түскен ұсыныстарды қабылдап жатыр. Меніңше, бұл біздің еліміздегі ерекше оқиға. Осы уақытқа дейін Конституцияға талай рет өзгеріс енгізілді. Бұл жолы Ата заң өз атауына сай әділ болады деп сенемін. Халық үшін де, мемлекет үшін де бұл заңның үлкен мәні бар», деді өнер қайраткері.

Тұңғышбай Жаманқұлов 15 наурыз күні референдумға барып, өз таңдауын жасайтынын мәлімдеп, халықты да белсенділік танытуға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКИЯЛЫҚ ТУРИСТЕР МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН АЙЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтарға 138 мың теңгеден түсіп жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.