«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

80 мыңнан астам пайдаланушы әлеуметтік желілерде Жалпыұлттық коалицияның бастамасын қолдады

Жалпыұлттық коалиция қызметі аясында әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың аватарларына тақырыптық рамка орнату бастамасы жүзеге асырылуда. Бүгінде 15 наурызға белгіленген жалпыұлттық референдум қарсаңында өз азаматтық ұстанымын жария түрде білдіріп, акцияға 88 мыңнан астам адам қосылды.

Twibbonize.com ашық платформасында арнайы «referendum2026» твиббоны жүктелді. Бірнеше күн ішінде өсу қарқыны бойынша ол ТОП-1 қатарына кіріп, сервистегі ең көп қолданылған твиббонға айналды. Сондай-ақ платформада басқа да бастамашылық акциялар орналастырылған. Қазіргі уақытта қолдаушылардың жалпы саны 88 мың адамға жетті. Жаңа Конституция жобасын қолдайтын азаматтар саны күн сайын артып келеді.

Онлайн-белсенділікке танымал қазақстандықтар да акцияға қосылды — блиц-шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, Сидней Олимпиадасының жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Василий Левит, еңбек сіңірген өнер қайраткері Қаракөз Сүлейменова, музыкант Абай Бегей, продюсер Ренат Басит, «Дервиши» тобының солисі Дильмурат Бахаров, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, актер Ерболат Төлеген және басқа да көптеген тұлғалар.

Бұл бастама Қазақстанның әр өңіріндегі пайдаланушыларды біріктіріп, азаматтардың ел болашағын талқылауға қатысуының жоғары деңгейін көрсете отырып, қоғамда ерекше назар аудартқан цифрлық форматтардың біріне айналды.
Тақырыптық рамканы төмендегі сілтеме арқылы орнатуға болады:

https://www.twibbonize.com/referendum2026

Ұқсас ақпараттар

ТАЗАЛЫҚ — ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ!

admin_mugalzhar

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді

admin_mugalzhar

ӘЖЕМНІҢ КҮМІС ЫДЫСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.