«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ

Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің Ақтөбе облысының тұрғындарымен өткен кездесуінде айтқан түсіндірме жұмысын тыңдадым, өте әсерлі болды. Мемлекеттік кеңесші Конституцияның тек ең жоғары заң ғана емес, сонымен бірге өзіндік қоғамдық келісім екенін атап өтті.

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасында еліміздің мемлекеттік құрылымын айқындайтын, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтатын іргелі ережелер қамтылған.

Құжатта Қазақстанның өзіндік ұлттық мәдениеті мен терең тарихы бар екені нақты көрсетілген. Сондай-ақ жаңа Конституцияда Егемендік пен Тәуелсіздік ұғымдары әрдайым бас әріппен жазылған.
Бұл сөздер – қасиетті, қастерлі ұғымдар. Ата Заңның жаңа мәтінінде де осы ұстаным сақталған.

Ильяш Ниязова, Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжінің директоры. 

Ұқсас ақпараттар

ҚОҒАМҒА РУХАНИ ТЕРЕҢДІК БІЛІМ, ЕҢБЕК АРҚЫЛЫ КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

Қаржы министрлігі: ашықтық және әділ салық төлеу бағыты

admin_mugalzhar

Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен несие беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.