«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мұғалжар ауданының коалиция мүшелері Мұғалжар аудандық мұрағаты ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты баяндалды. Жоба азаматтардың құқықтық қорғалуын арттыруға, мемлекеттік басқару жүйесіндегі тепе-теңдікті қамтамасыз етуге, жергілікті басқару тетіктерін жетілдіруге және әділдік қағидаттарын орнықтыруға бағытталғаны айтылды.
Жиында референдумның ел өміріндегі рөлі де кеңінен сөз болды. Бұл – әрбір азаматтың мемлекет болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруге берілген мүмкіндік екені атап өтілді. Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдау — тұрақты даму мен әділетті қоғам қалыптастырудың кепілі екенін жеткізіп, барша тұрғындарды алдағы референдумда белсенділік танытуға үндеді.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ: МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ

admin_mugalzhar

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздары белгілі болды

admin_mugalzhar