«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Емханада жаңа конституция жобасы түсіндірілді

Ақтөбе қалалық №1 емхананың мәжіліс залында еңбек ұжымымен кездесу өтіп, медицина қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылды.

Кездесуге М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Талғар Абилов қатысып, құжаттағы өзгерістер мен оның маңызы туралы баяндады.
Ректор өз сөзінде Конституция жобасында денсаулық сақтау саласына қатысты баптар төңірегінде қоғамда түрлі пікір айтылып жүргенін атап өтті. Әсіресе жаңа жобада «тегін медициналық көмек» деген тіркестің болмауы халық арасында түсінбеушілік туғызғанын тілге тиек етті.
— Қазір жұрт «жаңа Конституцияда тегін медициналық көмек болмайды екен» деп жүр. Негізі, мұны дұрыс түсіну керек. «Тегін» деген сөздің қолданылмауы мемлекет халыққа қолдау көрсетпейді дегенді білдірмейді. Бұл жерде мәселе — мемлекеттік кепілдік туралы. Яғни мемлекет медициналық көмектің белгілі бір көлеміне кепілдік береді, — деді Талғар Абилов.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінде мемлекет жауапкершілігі сақталады, ал негізгі мақсат — халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету.
Кездесу барысында ректор жаңа Конституция жобасының тағы бір маңызды ерекшелігіне тоқталды. Бұған дейінгі Ата Заң мәтіні алдымен орыс тілінде жазылып, кейін қазақ тіліне аударылған болса, жаңа жоба түпнұсқасы қазақ тілінде әзірленген. Бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудағы маңызды қадам екені атап өтілді.
Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу қорытындысында Талғар Абилов медицина қызметкерлерін елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Ұқсас ақпараттар

ТОҚТАҢЫЗ! БАСЫП КЕТУ ҚАУІПІ БАР!

admin_mugalzhar

1,7 млн астам адам Ердоғанның Ыстанбұлдағы сайлауалды митингіне қатысты

admin_mugalzhar

«БРИЛЛИАНТ» КӨРШІЛЕР МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.