«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Маңызды құндылықтар айқындалар күн

Ата Заңның жаңа жобасында білім, ғылым, инновация алғаш рет мемлекеттің негізгі құндылықтары ретінде айқындалып отыр. Бүгін референдум учаскесіне барып, дауыс берген білім, ғылым саласы мамандары үшін бұл аса маңызды құндылықтар.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Басқарма төрағасы – ректоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, білім және ғылым саласының эксперті Лаура Қарабасова да бүгін таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын көрсетті.

— Референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Қазақстанның ертеңі қандай болатыны біздің таңдауымызға байланысты. Бүгін — еліміздің құқықтық негізі айқындалар маңызды күн.

Қала тұрғындарымен бірге университетіміздің оқытушылары, профессорлық-оқытушылар құрамы, білім алушыларымыз өз референдум учаскесінде таңдауын жасап, елдің ертеңінің жарқын болуы үшін үлесін қосып жатыр. Білім беру саласының өкілдері ретінде әсіресе жастардың белсенділігі қуантып отыр. Бұл жастардың азаматтық жауапкершілігінің жоғары екендігін айқындайды.

Жаңа жобада ғылым мен білімге басымдық берілгені осы сала маманы ретінде мен үшін өте құнды. Мұндай мемлекеттік қолдау Қазақстан жастарының болашағы үшін шешуші маңызға ие. Елдің болашағы университет қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің өміріне белсенді қатысу арқылы да қалыптасатынын түсіну маңызды.

Біз бұл іске қаншалықты белсенді атсалыссақ, еліміздің болашағы жарқын, мемлекетіміз бәсекеге қабілетті болады. Штабтың жұмысы аяқталып келеді, бірақ алда жаңа кезең – ортақ міндеттерді жүзеге асыру кезеңі тұр, — деді Лаура Қарабасова.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

admin_mugalzhar

АУЫЛДЫҢ БЛОГЕР КЕЛІНІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.