Ауданға қарасты қалалық және ауылдық округтерде елді мекендерде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтуде. Тазалық жұмыстарына округтердегі барлық мекеме қызметкерлері және тұрғындар атсалысты.
Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, аудан тұрғындарын сенбілікке белсенді қатысуға шақырды.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Жалпы әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс.
Туған өлкеміздің тазалығы сенбілік шараларымен шектеліп қалмауы керек. Сондықтан әрбіріңізді тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың ажарлана түсуіне үлес қосуға шақырамыз.

