«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1-сәуірден 27-мамырға ауыстырылды

Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1 — сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.

«Биыл құжат қабылдау 27 — мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 — тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», — делінген министрлік хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

Этномедиация — қоғамды тұрақтылыққа жетелейтін көпір

admin_mugalzhar

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті

admin_mugalzhar

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жолдың құрылысы басталады

admin_mugalzhar