«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM —  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты. 

Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.

Оның мұрасы — бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.

Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.

«Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады, — деді Мемлекет басшысы.

 

Ұқсас ақпараттар

ОТБАСЫ — ЕҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ

admin_mugalzhar

ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ОРТАҚ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды

admin_mugalzhar