«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТТЕЛДІ

16 сәуір – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні. Бұл сала мамандары тәулік бойы елді мекендерді жылумен, электр энергиясымен және ауызсумен қамтамасыз етіп, көшелердің тазалығы мен тұрғын үй қорының қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Олардың тынымсыз еңбегі – халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің кепілі.
Осыған орай Мұғалжар ауданы әкімдігінде сала қызметкерлеріне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, коммуналдық шаруашылық, энергетика, газ, су және кәріз жүйелері саласында еңбек етіп жүрген бірқатар мамандар марапатталды.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Жомарт Бақыткелді, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Еркебұлан Қаниев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев, Қандыағаш қаласының әкімі Данияр Шерниязов қатысты.
Салтанатты жиында аталған сала мамандарының еңбегі ерекше атап өтіліп, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Ұқсас ақпараттар

Қалалар карантинге жабылуы мүмкін бе?

admin_mugalzhar

Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ақтөбеден 7 спортшы қатысады

admin_mugalzhar

ҚАЗАНЖАППАЙ – ҰЛТТЫҚ ДӘМ

admin_mugalzhar