«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ БІРЛІК КҮНІ!

Орталық саябақта 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған “Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ” атты мерекелік іс-шара өтті.

Татулығы тұғырлы, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі аудан тұрғындары мен қонақтарын аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов құттықтады.

Елімізді мекен ететін түрлі ұлттар мен ұлыстар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.

Мерекеге орай Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалымен бірлесіп, ауданның өнім шығарушыларының «Бір ауыл-бір өнім» көрмесі өткізілді. Көрмеге ауданның 34 кәсіпкері қатысты.

Көрмеде кәсіпкерлер сүт, өнімдерін, қолөнер, зергерлік бұйымдарын, тоқыма өнімдерін ұсынды.

Іс-шара барысында аудан өнерпаздары түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық әндері мен билерін орындап, жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас ақпараттар

Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды

admin_mugalzhar

Ақтөбедегі мектепте Қазақстанда алғаш рет оқу орнына кірудің және төлем жасаудың биометриялық жүйесі енгізілді

admin_mugalzhar

КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

admin_mugalzhar