«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ВИЦЕ-МИНИСТР МЕН ҚОЛБАСШЫ ЖЕМ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

ҚР Қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіров пен генерал-майор, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Сухопутный әскерлерінің бас қолбасшысы Мереке Көшекбаев жұмыс сапарымен Жем қаласында болды.

Жұмыс сапары барысында делегация Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ Жем қаласында салынып жатқан әскери бөлімнің жұмыстарын қарады.

Жем қаласына қоныс аударған әскери бөлім қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі жан-жақты қолдау шараларымен танысты. Соңғы жылдары Жем қаласында әлеуметтік нысандар, №5 орта мектеп жөнделді, жаңа спорт алаңы салынды. Жаңа амбулатория пайдалануға берілді.
Жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Жем қаласындағы №3 аула клубына күрделі жөндеу жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

Этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесу өтті

admin_mugalzhar

Құрылтай депутаттары қалай сайланады?

admin_mugalzhar

Алдағы күндері аяз болады — Қазгидромет

admin_mugalzhar