«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығын нақты нәтижелермен қарсы алу керек – Президент

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шарада ел ішінде жасалып жатқан реформалар нәтижесі жөнінде пікір білдірді.

Құрметті отандастар! Біз биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеміз. Бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды мұқият ойластыру тұрғысынан үлкен мәнге ие, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мерейлі датаны қажырлы еңбекпен және нақты нәтижелермен қарсы алу қажет екенін баса айтты.

Биыл тұтас еліміз үшін ауқымды өзгерістерге толы жыл болып отыр. Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті, – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 4 маусымда елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Осыдан 34 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы және Әнұраны бекітілді.

Президент бұл күн – қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке екенін айтты.

Ұқсас ақпараттар

«Заң мен Тәртіп» апталығының екі күнінде 8 мыңға жуық тұлға тегін заң көмегін алды

admin_mugalzhar

ДДҰ қандай жағдайда маска тағу керегін түсіндірді

admin_mugalzhar

УАҚЫТЫЛЫ ЕКПЕ АЛУ МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar