«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді.

Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан құрылып жатқанын, қоғамның барлық саласында ауқымды және түбегейлі өзгерістер жасалғанын атап өтті.

— Біздің алға қойған мақсатымыз — айқын. Бұл — жас ұрпақтың игілігі үшін тұғыры берік, қуатты мемлекетті құру. Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтарымыз отаншылдық пен жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетті. Медицина саласының мамандары да осы ортақ іске белсене атсалысты. Саяси науқан барысында халқымыз біртұтас ұлт болып ұйысып, тарихи таңдауын жасады. Жұртымыз ел тағдырына бей-жай қарамай, жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Бұл жарқын болашаққа жол ашатын аса маңызды шешім болғаны анық, — деді Мемлекет басшысы.

Президент жаңа Ата заңда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілгенін еске салды.

— Мемлекетіміздің мызғымас тірегі — жаңа Ата заңымызда денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілді. Біз ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық. Соған сәйкес Конституцияда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғи байлыққа ұқыпты қарау қағидаттары айқындалды. Бұл адам өмірін сақтау медицина мамандарының міндеті ғана емес, тұтас қоғамның жауапкершілігі екенін көрсететін маңызды қадам болды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас ақпараттар

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

Тоқаев: Елімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды инфрақұрылымдық жобалар басталады

admin_mugalzhar

Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»

admin_mugalzhar