«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА ДЕРМАТОМИКОЗ АУРУЫНЫҢ 28 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 10 айында аудан аумағында дерматомикоз ауруының 28 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 27 жағдай. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде 40 жағдай анықталып, оның 38-ібалалар арасында анықталған.
Мамандар дерматомикозбен көбіне 14 жасқа дейінгі балалар ауыратынын айтып, аурудың негізгі белгілеріне терінің зақымданып, көкшіл-құрғақ дақтардың пайда болуы, олардың біртіндеп үлкейіп, қабыршақтануы жататынын жеткізді. Сондай-ақ бастың шашты бөлігінде шаштың түсуі байқалуы мүмкін екенін де айтты.
-Дерматомикоз – теріні зақымдайтын саңырауқұлақ инфекциясынан туындайтын жұқпалы ауру. Аурудың негізгі қоздырғыштары – микроспория мен трихофития. Инфекция адамнан адамға, сондай-ақ ауру жануарлардан жұғуы мүмкін. Дерматомикоздың қоздырғыштары ауру адамнан сау адамға бірнеше жолмен беріледі. Атап айтатын болсақ, науқас адамның киімін, аяқ киімін, төсек-орнын, сүлгісін және басқа да жеке заттарын ортақ пайдалану арқылы, монша, жуынатын бөлме, жүзу бассейні мен спорт залдарының едендері арқылы, тұрмыстық заттарды ортақ пайдалану арқылы жұғады. Маникюр және педикюр құралдары тиісті деңгейде залалсыздандырылмаған жағдайда да таралу қаупі жоғары. Дерматомикоздың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтап, төмендегі ережелерді орындау қажет, – деді Мұғалжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.
Мамандар ауруға күдік туындаған кезде өздігінен ем қабылдамай, бірден дерматолог дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

Егін де екті, мал да бақты енді қожалық ангус сиырын өсірмек

admin_mugalzhar

Аса маңызды саяси үдеріс

admin_mugalzhar

ВСТРЕЧА С МУГАЛЖАРСКИМИ ЧИТАТЕЛЯМИ

admin_mugalzhar