Бұл – өңір тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған республикалық деңгейдегі жарыс.
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатқан ел біріншілігіне Қазақстанның барлық өңірінен 550-ге жуық спортшы қатысуда. Балуандар ерлер арасында сегіз, әйелдер арасында жеті салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, Қазақстан чемпионы атағын сарапқа салады.
⚜️ Ақтөбе облысының намысын 41 спортшы қорғайды. Оның 28-і – ерлер, 13-і – әйелдер құрамасының өкілдері. Өңір құрамасының бас бапкері – Мейрамбек Әбішов.
🔹 Чемпионаттың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов құттықтау сөз сөйледі. Ол Мемлекет басшысы ұлттық спорттың дамуына үнемі назар аударып, оны мәдени бірегейлікті сақтаудың және ұлт саулығын нығайтудың пәрменді тетігі ретінде атап өткенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 27 қарашаға дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша елдің үздік балуандары анықталады.
Ал бірінші күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Ерлер
90 кг
I орын – Еңбек Сақтағанов (Қызылорда облысы) II орын – Бибарыс Нұғман (Жамбыл облысы) III орын – Тимур Әбутай (Қостанай облысы) III орын – Табиғат Мағауияұлы (Атырау облысы)
100 кг
I орын – Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы) II орын – Қазбек Ракишев (Жамбыл облысы) III орын – Аян Байғазы (Алматы облысы) III орын – Амирбек Рахимов (Ақтөбе облысы)
+100 кг
I орын – Нұрсұлтан Қаблан (Қостанай облысы) II орын – Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысы) III орын – Мерей Бердіғали (Батыс Қазақстан облысы) III орын – Қайсар Шамшидинов (Түркістан облысы)
Әйелдер
77 кг
I орын – Назерке Тілеуханова (Абай облысы) II орын – Гүлнұр Рсынхан (Түркістан облысы) III орын – Аружан Жандарбай (Атырау облысы) III орын – Анель Қайратқызы (Жетісу облысы)
+77 кг
I орын – Альбина Бахиева (Шымкент қаласы) II орын – Арайлым Шегенова (Жамбыл облысы) III орын – Арайлым Әбенова (Алматы облысы) III орын – Зейнеп Тұрсынбек (Алматы облысы)

