«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК ЖОЛЫН ЗЕЙНЕТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Қандыағаш темір жолында 28 жыл бойы аймақ тазалаушы болып еңбек еткен Маржан Нақпаева зейнет демалысына шықты.
Ол ұзақ жылдар бойы өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарып, теміржол саласының тазалығы мен тәртібін сақтауға үлес қосты. Еңбек жолындағы табандылығы мен адалдығы әріптестеріне үлгі бола білді.

Зейнетке шығуына орай әріптестері Маржан Ермекбайқызын құрметпен шығарып салып, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдірді. Ақ тілектерін арнап, зейнет өміріне амандық, денсаулық, отбасының бақыты мен берекесін тіледі.

Ұқсас ақпараттар

Ақсуға ауызсу кірді

admin_mugalzhar

ҚОЖАСАЙЛЫҚТАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБУДА

admin_mugalzhar

ЖАННҰР — УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

admin_mugalzhar