«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еңбек министрі: 30 мың ер адам жұмыс істемей, АӘК-пен күн көруде

Елімізде 30 мыңнан астам ер адам жұмыстан бас тартып, балаларына төленетін атаулы әлеуметтік көмек қаржысына өмір сүруде. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Жаңа заң аясында табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Сонымен қатар, отбасында еңбекке жарамды адамдар болса, оларға жұмыс ұсынамыз. Егер де жұмысқа қабілетті осы адам қызметтен бас тартса, онда АӘК бүкіл отбасына төленбейтін болады», — деді министр.

Осы орайда, ол қолданыстағы заңнамада еңбекке жарамды отағасы жұмыстан бас тарса, бүгінде тек еңбекке қабілетті адамға ғана қатысты әлеуметтік көмек тоқтатылатынын еске салды.

«Бізде ұсынылған жұмыстан бас тартатындар өте көп. Елімізде тепсе темір үзетін 30 мыңнан астам ер адам жұмыстан бас тартып, балаларына төленетін атаулы әлеуметтік көмек қаржысына өмір сүруде. Меніңше, бұл жағдай дұрыс емес, ер азамат жұмыс істеуі керек. Атап айтқанда, егер ол жұмысқа тұрса, оның отбасына берілетін АӘК төлемдері жалғаса береді. Жалпы, біз еңбекке жарамды адамдардың жауапкершілігін арттыруды ұсынудамыз», — деді ведомство басшысы.

Бұл тұрғыда ол өңірлерге сапарлары кезінде қандай жағдайға тап болғанын айтты.

«Екі айдың ішінде 15 өңірге барып, халықпен кездестім. Осы орайда көптеген шаруа қожалықтарының өкілдері адамдар ұсынылған жұмысқа бармай жатқанын айтты. Өйткені зайыбы 200 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алғандықтан, отағасы 100 мың теңгенің жұмысына кіруден бас тартуда. Түркістанда ауқымды құрылыс жүруде, алайда ер азаматтар 150 мың теңгелік жалақыға бармай жатыр. Себебі, олардың отбасына 200 мың теңге сомасында АӘК төленуде. Жалпы, еңбекке жарамды отағасы жұмыс істегені дұрыс», — деді Б. Нұрымбетов.

inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін 2023 жылы 3,5 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының халқын ауызсумен қамту мәселесі 2025 жылы шешіледі

admin_mugalzhar

Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге дейін қысқартады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.