«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Bek Air: Ұшақ соғылған үйдің құжаты болса ғана өтемақы қарастырамыз

Ұшақ апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер үшін Bek Air компаниясының ұшақтарын сақтандырған компания өтемақы төлейді. Бұл туралы Bek Air әуе компаниясының басшылары баспасөз мәслихатында хабарлады. Алайда, әуе компаниясының сөзінше ұшақ соғылған үй үшін өтемақы берілуі екіталай.

Bek Air әуекомпаниясының жетекшісі Нұрлан Жұмасұлтановтың айтуынша, ұшақ соғылған үйдің заңды құжаты болса ғана компания өтемақы қарастырады. Ол ұшақ соғылған үй ұшу алаңына небәрі 12 метр жерде, «қызыл сызықта» тұр деп санайды.

  • Қозғалтқышы істемей, шассиі ашылмай қалса да ұшақтың аман-есен қонатын кездері болады. 2016 жылы осыған ұқсас оқиға Қазақстанда да болды. Шассиі ашылмаған ұшақ апат жағдайында Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қонды. Бірақ олардың алдында қабырға немесе үй тұрған жоқ. Ұшу алаңына дәл осылай жақын жерге үй салынбаса, бәлкім адамдар тірі қалар ма еді,- дейді ол.

Осы баспасөз мәслихатында компанияның ұшу қызметінің директоры Ерік Сапаров жеңіл салмақтағы Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауына одан бір минут бұрын ұшқан ауыр салмақты Airbus ұшағының әуе толқыны әсер етуі мүмкін деген болжамын айтқан.

Bek Air компаниясы апатқа ұшыраған ұшақтың техникалық жағдайы жақсы болды деп мәлімдеген.

27 желтоқсанда таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы әуежайына жақын жерге құлаған еді. Ұшақта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. 12 адам қаза тауып, ондаған жолаушы ауруханаға түскен. Ұшақ соғылған үйдің жаңадан салынып жатқаны, апат кезінде үйде ішінде адам болмағаны хабарланған.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысы кезінде Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының Алматы әуежайына таяу маңдағы апатына үш жайттың бірі себеп болуы мүмкін: Бірінші — экипаждың қатесі, екінші — ұшақтың техникалық ақауы, үшінші — навигация қызметінің жұмысы деген болатын.

Сонымен қатар, министр апатқа ұшыраған ұшақтың өртенбей қалуына ауа-райы де әсер етті деген пікір айтқан.

Қазақстанда 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған. Сенбі күні кейбір қалада тұрғындар ұшақ апатынан қаза болғандар тағзым етті.

Премьер-министр Асқар Мамин апаттан қаза болғандардың отбасына төрт миллион теңгеден (шамамен 10,5 мың доллар) төленетінін айтты. Bek Air компаниясына берілген лицензия уақытша тоқтатылды.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

admin_mugalzhar

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының кезектен тыс съезіне қатысты

admin_mugalzhar

«Ақтөбе» премьер-лигаға қайта оралды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.