«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Азаматтық қоғам да халық үніне құлақ асуы керек — А. Қожахметов

Қазақстанда «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қана емес, сондай-ақ, «халық үніне құлақ асатын» азаматтық қоғам да болуы тиіс. Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметов Қордайдағы оқиғаға қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қандай да бір оқиға бола қалған кезде қапелімде, әсіресе алғашқы сәттерде асығыс шешімдер қабылданып кетуі мүмкін. Алайда менің ойымша, оқиғаға қарағанда мәселенің түбі тереңде жатқан секілді. Жалпы ХХІ ғасырда адамдар арасындағы алауыздықтың күшейіп тұрғанын байқауға болады. Ал кез келген мәселеге ғылыми тұрғыда жақындап, әңгімелесіп, айыптың анық-қанығын анықтау жағынан бізде мәселе баршылық. Сол себепті, істің ақ-қарасын анықтап, сабырға келген жөн деп есептеймін. Үкіметтік комиссия болған оқиғаға қатысты сұрақтардың бәріне жауап берер деген сенімдеміз. Сонымен қатар біздің ойымызша, бұл ретте іске азаматтық қоғамның араласқаны да маңызды әрі пайдалы болар деген ойдамыз», — деді Асылбек Қожахметов.

Альянс президентінің айтуына қарағанда, негізсіз айыптар айтылмауы үшін қоғамдағы қақтығыстарды реттеуде азаматтық күштердің әлеуеті жоғары. Жалпы Асылбек Қожахметовтың пікіріне құлақ ассақ, қоғамның демократиялық институттарын ары қарай дамыту, тыңдай білу қажеттігі туындап отыр. Яғни Қазақстанда «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қана емес, сондай-ақ, «халық үніне құлақ асатын» азаматтық қоғам да болуы керек.
Азаматтық қоғам мемлекеттік органдардың жұмысын толықтыра отырып, азаматтар бірін-бірі тыңдай алатындай жігерлендіре білуі керек. Бұл бағыттағы қадамдар туындаған қақтығыстарды реттеп, болашаққа сеніммен қарауға жол ашады.

Ұқсас ақпараттар

93 АДАМДЫ ИТ-МЫСЫҚ ТАЛАҒАН

admin_mugalzhar

Коронавирус: Әлемде індеттен жазылған адамдар саны 200 мыңнан асты

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері 447 млрд-тан астам теңгеге зейнетақы төленді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.