«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде «жұрттан үй алып беремін деп ақша алған» инспектор сотталды

Ақтөбе соты «Алаяқтық» бабымен айыпталған қала әкімдігіндегі тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенованы ақтап, «оның сыбайласы» деп айыпталған Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы Гүлайым Нұрмұқанованы 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу тарабы Дүйсекенова мен Нұрмұқанованы «мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып береміз деген желеумен алаяқтыққа барып, Ақтөбенің 49 тұрғынынан 100 млн теңге алды» деп айыптаған болатын. Тергеу тарабы «тексеру кезінде Нұрмұқанованың алаяқтық жолмен 87 млн теңгені иемденгені дәлелденді» деп отыр.

Судья Ербол Әбдіхалықтың сөзінше, тергеу Дүйсекенованың үстінен іс қозғаған кезде Нұрмұқанованың сөзін ғана негіз етіп алған.

«Тергеу сотқа Жанаргүл Дүйсекенова тұрғын үй қатынастары бөлімін басқарған кезде сотталушы Гүлайым Нұрмұқановадан қашан, қалай және қай жерде қанша қаржы алғанына қатысты нақты дәлел мен дәйек ұсына алмады. Қылмыс құрамы болмауына байланысты Жанаргүл Дүйсекенова ақталсын» деді судья Ербол Әбдіхалықов.

Судья сот кезінде Нұрмұқановаға қарата «Сіз өзіңізге тағылған айыпты мойындадыңыз» деді. Тергеу тарапы да Нұрмұқанованың өзіне тағылған айыпты мойындағанын жеткізді.

Айыптау актісіне сай, Гүлайым Нұрмұқанова 2015-2018 жылдар қала тұрғындарын «мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен берілетін пәтерлерді алып бере аламын» деп алдап, ақша алғаны туралы тұрғындарға қолхат беріп отырған. Судья Әбдіхалықовтың сөзінше, арнайы сараптама қала тұрғындарына берілген қолхаттағы жазу Нұрмұқановаға тиесілі екенін растаған.

— Нұрмұқанова келісім шартты қолдан жасатып, оған тұрғын үй қатынастары бөлімін басқарған Жанаргүл Дүйсекенованың қолын қойған, — деді судья Ербол Әбдіхалықов.

Сот кезінде жәбірленушілердің бірі Қалмағамбетов сотталушы Нұрмұқановаға қолхатпен 20 млн теңге бергенін айтты. Сот үкіміне сай, сотталушы жәбірленуші Қалмағамбетовке 17 млн теңге қайтарып беруі тиіс.

Судьяның сөзінше, қырықтан астам жәбірленушінің кейбірі Нұрмұқановаға қомақты қаржы бергенін дәлелдей алмаған.

Соттан кейін Нұрмұқанованың өзі және адвокаты тілшілерге қандай да бір комментарий бермеді. Сот үкімі күшіне енген жоқ. Айыпталушы тараптың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Президент COVID-19-бен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің үстемақысы мәселесіне тоқталды

admin_mugalzhar

КТЖ: РЯД ПАССАЖИРСКИХ ПОЕЗДОВ СБИЛИСЬ С ГРАФИКА

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.