«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде бастау алған Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде қолға алынады

Ақтөбеде бастау алған Әлеуметтік ID карта жобасы барлық өңірлерде қолға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев айтып берді.

«Жоба өткен жылы жазда Ақтөбеде басталған еді. Картаның қаншалықты тиімді болғанын көріп, жобаны біртіндеп кеңейтуді ұйғардық. Осылайша, әлеуметтік ID карта қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарында табысты енгізіліп жатыр», — деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Қазақстан азаматының әлеуметтік ID картасы» — жәрдемақылар мен төлемдер түсетін пластикалық карта. Карта арқылы бірқатар қызмет ақысын төлеуге болады. Бұл ретте, карта иесі жеңілдік санатына жататын болса, ақша есепшоттан шығарылмайды, бірақ төлем туралы хабарлама көрсетіледі. Әлеуметтік ID карта арқылы АӘК төлемін, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуді, мектептерде көпбалалы және табысы аз отбасы балаларының тегін тамақтануын көздейді.

«Бүгінге дейін 45 мыңға жуық карта шығарылып, 31 мың транзакция жүзеге асырылды. Оның 10% жолақы мен мектептегі тағам ақысын жеңілдікпен төлеуге арналған. Жыл соңына дейін әлеуметтік карталарды республика бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді Н. Мұқышев.

Ұқсас ақпараттар

Женщина на производстве — залог успеха

admin_mugalzhar

Филиппинде «Вамко» тайфуны құрбандарының саны 26-ға жетті

admin_mugalzhar

Ақтөбеде жазасын өтеп жатқандар аттестат алды. Олардың арасында 40 жастан асқандар да бар

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.