«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Сарымсақ жеу керек. Біртанов WhatsApp-та тараған аудиоға қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «коронавирус жұқтырмау үшін сарымсақ жеу керек» деген WhatsApp-тағы аудиоға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудио медицина ғылымдарының докторы, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің атынан тарап кеткен.

«Коронавирус жұқтырмау үшін ең маңыздысы — сарымсақ жеу. Күнде таңертең бұл процедураны жасамай ештеңе ішуге болмайды. Бір сарымсақты турап, сумен дәрі секілді ішіп аласыз. Шайнауға болмайды», — делінген аудиода.

Елжан Біртанов бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Профессор Досқалиевтің ондай кеңес бергенін естімеппін. Меніңше, ол — фейк, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабар береміз», — дейді министр.

Министр хабарламадан еш зиян тимесе де, оның таралуын тоқтатып, авторды жауапкершілікке тарту керегін айтты.

«Біз тіпті зияны жоқ ақпаратты жалған деп санаймыз, өйткені бұл жағдайда олар нақты адам арқылы тараған», — деді министр.

tengrinews.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақ әншісі Витебскідегі «Славян базары» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

admin_mugalzhar

Есепшот ашу мәселесі. Еңбек министрі банктерге үндеу жасады

admin_mugalzhar

Қазақстанда алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.