«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жээнбеков Қытай басшысынан қарызын өтеуге көбірек уақыт беруді сұрады

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, өзге мәселелермен қатар Қырғызстанның Қытайдан алған несиесі мәселесін де қозғаған. Жээнбеков Қырғызстанға Қытайдан алған қарызын өтеуге көбірек уақыт беруді және несие өтеуді жеңілдету жағын қарастыруды сұраған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Екі ел басшысы телефон әңгіме барысында коронавируспен күрес мәселесі, қырғыз-қытай арасындағы жүк тасымалдауды қалпына келтіру мәселесін талқылаған.

2020 жылдың 31 қаңтар күнгі дерегі бойынша, Қырғызстанның мемлекеттік қарызы 4 млрд 616,56 млн долларды құрайды. Оның ішінде сыртқы қарыз көлемі — 3 млрд 874,57 млн доллар. Сыртқы қарыздың басым бөлігін қытайлық «Эксимбанктен» (1,7 млрд доллар) алған.

Ұқсас ақпараттар

«КУНШУАКОВЦЫ» ЗАЖГЛИ

admin_mugalzhar

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

admin_mugalzhar

KGIR-2024: ақтөбелік делегация бірқатар инвестормен кездесу өткізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.