«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қырғыз депутаты халықтан кешірім сұрап, мандатын тапсырды

Қырғызстан парламентінің депутаты Исхак Масалиев 21 мамырда «Жогорку Кенештің сәтсіздігіне ұялатынын» айтып, мандатын тапсыратынын мәлімдеді.

Масалиевтің сөзінше, парламент өз өкілетін пайдаланбайды және үкіметтен жақсы жұмыс істеуді талап ете алмай отыр. Ол 25 мамырда парламенттен кететінін айтып, басқа депутаттарды «процессуальдық норманы бұзды» деп айыптады.

«Парламент жұмысының өзгергенін қалаймын. Сайлаушылардың үмітін ақтамасам кешірім сұраймын. Мемлекетке пайда әкелетін кез келген жұмысты істеуге дайынмын. Бірақ қазіргі парламентте депутат болып отыру мүмкін емес деп ойлаймын» деді ол.

Өткен аптада Масалиев пен тағы бірнеше депутат парламентке сайлану үшін қажетті дауысты 9 пайыздан 5 пайызға түсіруді ұсынған. Бірақ парламент комитеттері мұны қолдамады. Қызу дебаттан кейін депутаттар парламентке өтуге қажетті дауысты 7 пайызға түсіру туралы заң жобасын мақұлдады.

59 жастағы Масалиев – Қырғызстан коммунистік партиясы орталық комитетінің жетекшісі. Ол парламентке 2015 жылы «Онугуу-Прогресс» партиясы атынан сайланған.

Масалиев 2000-2010 жылдары да депутат болған. 2012-2014 жылы Қырғызстанның салық қызметін басқарды.

azattyq.org

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев: Президенттің жақын туыстарының биліктегі лауазымдарға тағайындалуына тыйым салынады

admin_mugalzhar

«Самұрық-Қазына» әлемдегі үздік жиырма қордың қатарына енді

admin_mugalzhar

АЭС — ҚАУІПСІЗ ӘРІ ТАЗА ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.