«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжар ауданы: құрылыс жұмыстары мен инвестиция тартуға көңіл бөлінуі тиіс

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Мұғалжар  ауданының әкімі Асқар Шерияздановтың орындаушылық тәртібі бойынша жиын өтті. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы қатысты.

Аудан әкімі Мұғалжардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндады. Ауданға 2020 жылы 17,5 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл өткен жылғы бюджетпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. 2019 жылы 14,8 миллиард теңге бөлінген болатын. Ембі қаласында биотазалау құрылғысы қайта жөндеуден өткізіліп, Қандыағаш қаласында сумен жабдықтау желісінің құрылысы жүргізілген, сондай-ақ Сейфуллин көшесі орташа жөндеуден өтуде. «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 20 жоба мақұлданып, бүгінгі күнге 78% орындалған. Абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде, аудан бойынша 25 аулаға спорттық ойын алаңдары салынып, аяқталуға жақын.

Облыс басшысы 2019 жылдың наурыз айы мен 2020 жылдың тамызы аралығында берген  хаттамалық 50 тапсырманың 40-ы  шешімін тапқан. Облыс әкімінің есеп беру кездесуінің іс-шаралар жоспарына енгізілген 30 тапсырма 2021 жылға өтпелі, дегенмен біреуін биыл орындау көзделіп отыр.

Облыс әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Хамбаров Мұғалжар ауданында 2020 жылдың осы мезгіліне дейінгі уақытта құрылыс жұмыстары мен инвестиция көзін тарту көрсеткіші төмен екендігін атап өтті. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жобалар жүзеге аспаған.

Облыс басшысы Асқар Шерияздановқа мемлекеттік қызмет саласындағы мол тәжірибесін пайдалана отырып, ауданда қосымша жұмыс көздерін ашуды, шағын және орта кәсіпті дамытуды қолға алуды тапсырды. Аталған көрсеткіштер жыл соңына дейін өзгеретіндігіне сенім білдірді. Аудан әкімдігінің «Халық үніне құлақ асушы мемлекет» аясындағы әлеуметтік желідегі белсенділігін әлі де арттыру қажет. Ресми парақшалар атқарылған жұмыстарды уақытында жариялап, сауалдарға жауап беріледі. Облыс әкімі осы бағыттағы жұмысты да сапалы орындауды, халықпен кері байланысты нығайтуды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Мәскеу Ким Чен Ынды Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығы медалімен марапаттады

admin_mugalzhar

ЕЛОРДАДАН ДЕПУТАТТАР КЕЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.