«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еуропаға әуе рейстері қашан ашылатыны айтылды

Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Еуропа елдеріне әуе рейстері қашан ашылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Еуропа елдерінде шектеулер бар екенін айтып өтті.

«Егер елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар азайса, жағдайы осыған ұқсас Еуропа елдерімен тұрақты халықаралық рейстерді қалпына келтіру туралы мәселесі қаралады», — деді ол.

Оның айтуынша, елде коронавирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақты болса, ол мемлекетпен рейстерді қалпына келтіру мәселесі қаралуы мүмкін.

Айта кетейік, 17 тамыздан бастап, Қазақстан 6 бағыт бойынша 4 елге халықаралық рейстерді жандандырды:

  • БАӘ (11 рейс) 17 тамыздан Алматы — Дубай (6 рейс) және Нұр-Сұлтан — Дубай (5 рейс);
  • Германия (5 рейс) 18 тамыздан Нұр-Сұлтан — Франкфурт;
  • Беларусь (4 рейс) 19 тамыздан Алматы — Минск (2 рейс), Нұр-Сұлтан — Минск (2 рейс);
  • Украина (3 рейс) 19 тамыздан Алматы — Киев.

Ал 12 қыркүйектен Мысырға Алматы — Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша әуе рейстері қайта жанданады.

Ұқсас ақпараттар

Қылмыскерлер жалған патриоттық ұрандарды жиі қолданады — Тоқаев

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ: 46 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ, 41605 ҚАТЫСУШЫ

admin_mugalzhar

Мұғалжар ауданы бойынша еріктілер қатарына 280 жас қосылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.