«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Білім министрі: Қазақстанда 2 млн 600 мың оқушы қашықтан оқитын болады

ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда 2 млн 600 мың оқушы қашықтан оқитынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында елімізде 1 қыркүйекке дайындық жүргізіліп жатқанын айтты. Қазіргі таңда қанша баланың онлайн, қанша баланың кезекші сыныпта оқитыны белгілі болған. 

«Қазіргі таңда ұсынылып отырған деректерге сәйкес, 80% оқушы қашықтан оқытылатын болады. Бұл дегеніміз 2,6 млн оқушы. 15% кезекші сыныпқа барамыз деп өтініш беріп отыр. Бұл 530 мың бала. Ал дәстүрлі жүйе бойынша, 5% оқитын болады», — дейді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр жаңа формат бойынша оқушылар қашықтан қалай оқитынын айтып берді.

«Қашықтан оқытудлың екі бағыты бар. Ол арнайы платформа арқылы. Қазіргі таңда интернет платформалар толықтырылып жатыр. Екінші жолы дәстүрлі телеарналар арқылы білім берілетін болады. Күніне тоғыз сағат бойы телеарналар қызмет көрсетеді. Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқығанымен, өзіндік талаптары болады», — дейді Аймағамбетов. 

Ұқсас ақпараттар

Коронавирустың мамыр айында жойылатыны рас па — маман жауабы

admin_mugalzhar

Қазақстан мектептерінде 16 наурыз — 5 сәуір аралығында каникул болады

admin_mugalzhar

Елбасының қағидаттар жиынтығы — ертеңге бағыт

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.