«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Неліктен кәсіби спортшылар TURAN суын таңдайды

Көптеген кәсіби спортшы pH-балансына қарап, TURAN ауыз суын таңдайды. Денеге ауыртпалық түсіру кезінде белсенді түрде сүт қышқылы бөлінеді (яғни бұлшықеттер «қышқылдана» бастайды — ауырсыну пайда болады).

Бұдан он шақты жыл бұрын спортшылар бұл тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін арнайы дәрі-дәрмектер пайдаланып келген. Алайда бүгінде pH мөлшері 7,5-ге тең мінсіз TURAN ауыз суын қолдану жеткілікті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. TURAN суын су-тұз балансын қалпына келтіру үшін пайдалануға болатыны сөзсіз. Себебі, ол адам ағзасында болатын кальций, магний, натрий, йод, фтор және тағы да басқа микро және макроэлементтердің күнделікті қажеттіліктерін өтейтін, физиологиялық тұрғыдан толыққанды су саналады. TURAN суы бірегейлігінің құпиясы оның шығу тегіне байланысты. Ауыз суды бұдан 15 мың жыл бұрын ежелгі Валдай мұздығының орнында пайда болған Солтүстік Қазақстандағы жерасты бұлағынан алады. Мыңдаған жыл ішінде бұлақ суы экологиялық таза өңірде орналасқан Көкшетау қыратының қойнауындағы пайдалы минералдарды бойына әбден сіңірген.

Су бойындағы табиғи қасиеттердің барлығы өндіріс кезінде толықтай сақталады. Бірегей қазақстандық су құмнан тазарту секілді бір ғана өңдеуден өтеді. Ал суды зарарсыздандырудың ең озық түрі -озондау денсаулыққа аса пайдалы минералды құрам мен тірі микрофлораны сақтай отырып, ондағы зиянды заттарды өлтіруге мүмкіндік береді. TURAN суы тек қана шөлді басып қоймайды, сонымен бірге оның сергітетін табиғи қасиеті жастығыңыз бен денсаулығыңызды ұзақ жылдар бойы сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл ғылыми түрде дәлелденген факт. Дәл осы себептен TURAN суын спортшылар ғана емес, қазақстандық бетке ұстар қоғам қайраткерлері, танымал блогерлер, тіпті ғарышкерлер де қолданғанды жөн санайды. Мәселен, былтыр қазақстандық ғарышкер әрі сынаушы ұшқыш Айдын Айымбетов жеңіл TURAN суының адам ағзасына әсері жөніндегі зерттеуге қатысқан болатын. Төрт ай бойы ол тек қана TURAN суын ішті. Оның ішінде осы су негізінде жасалған шай мен кофені пайдаланды. Осының нәтижесінде денсаулығы 14%-ға дейін жақсара түсті.

Қазақстандық табиғи TURAN суы көптеген беделді халықаралық және республикалық байқауларда жоғары сапасы үшін бір емес, бірнеше мәрте үздік деп танылған. TURAN суы Брюссельде өтетін Monde Selection халықаралық сапа сараптамасында «алтынға» ие болады. Ал 2019 жылы тұрақты сапасы үшін The International High Quality Trophy Monde Selection халықаралық атағына ие болған. Жыл сайын суды ғылыми-зерттеу институттары зерттейді. Нақтырақ айтқанда, TURAN табиғи суы әлемнің түкпір-түкпіріндегі азық-түлік сапасын 160 жыл бойы тексеруден өткізумен айналысатын танымал әлемдік Фрезениус институтының SGS Institut Fresenius сапа сертификатына ие болған. 160 жылдық тарихы бар Institut Fresenius осы уақыт аралығында өз белгісін қолдану құқығын тек 180 өнімге берген. Оның ішінде TURAN суы да бар. Өндірушілердің айтуынша, егер өнімге INSTITUT FRESENIUS сапа белгісі берілген болса, онда ол өнім артығымен тексерілген деген сөз. Судың шыққан жері, өндірістің әр циклі, қорабы және т.б. барлығы тексерілген. Нақтырақ айтқанда, табиғи TURAN суы қайнар көзінен бастап дүкен сөресіне келгенге дейінгі аралық толық тексерістен өткен.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда дәрігерлер қанша жалақы алады?

admin_mugalzhar

Қарбыз жеңіз: қауын-қарбызды қалай таңдаған дұрыс?

admin_mugalzhar

Халықтың несие бойынша қарыздары тағы да кешіріле ме?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.