«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

БҮГІНДЕ АУДАНДАҒЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ. КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР АНЫҚТАЛҒАН ЖОҚ. ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ТІРКЕЛГЕН АДАМДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ЕМДЕЛІП ҮЙЛЕРІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ.

Тамыз айынан бастап өкпенің вирусты пневмониясы диагнозымен тіркелген 53 науқастың 44-і жазылып шықты. Ал, аудандық аурухананың провизорлық бөлімінде ем алып жатқан қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Аудандық бас санитардың мәліметіне сүйенсек, тұмау және пневмония белгілері бар 16 адам медициналық бақылауда, оның 8-і провизорлық госпитальге жатқызылған. Ауданның бас дәрігері қаулысымен үй карантинінде симптомсыз 2 адам, науқастармен қарым-қатынаста болып, теріс нәтиже көрсеткен 8 адам қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда.

Ә.ӨМІРТАЕВ

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР ЖАСТАРЫ ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАР» ГАЗЕТІ ӨЗІНІҢ «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН» АНЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar